Израиль шабуылдарынан аман қалған жалғыз қолбасшы: Исмаил Кани неге күдікке ілікті?

05.03.2026

Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Иранда Исмаил Кани деген адам бар. Сақшылар корпусының мықтыларының бірі еді. Ол – «Құдыс» күштерін басқарады. Кани бұл қызметке 2020 жылы Қасем Сүлейманидің орнына тағайындалған болатын.

АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылынан Иранның бірсыпыра әскери-саяси басшылары опат болды. Олардың ішінде Иранның Жоғарғы көсемі, Аятолла Әли Хеменей, Иранның қорғаныс министрі Әзиз Насирзаде секілді ірі калибрлы тұлғалар бар және көп. Сақшылар корпусының 50-ге тарта командирі (қолбасшылары) қаза тапты. Тірі қалған жалғыз адам – Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) қолбасшысы Исмаил Кани.

Бүгін сол Исмаил Кани ұсталып, тергеліп жатыр. Оған – «Израильдің пайдасына тыңшылық жасады» деген айып тағылуда.
Ең қызығы – Кани соңғы жылдары Израиль жасаған тағы бірнеше шабуылдан аман қалған. Бұл жағдай Каниді «Израиль агенті болуы мүмкін» деген күдікке іліндірген.
Шынында, Кани біраз жерден аман шығып еді. Қараңыз:
2024 жылдың шілдесі: «ХАМАС» лидері Исмаил Ханияның көзін жою операциясының алдында Кани Ханиямен жолыққан. Хания Иран президенті Пезешкианның иннаугурациясынан соң, Теһеранда өлтірілді.
2024 жылдың қыркүйегі: «Хезболла» көсемі Насралланың көзін жоярдың аз алдында Кани Насралламен жолыққан.
2025 жылы маусым: Генерал Кани ИРСК штаб-пәтерінен шыққан бойда Израиль штаб-пәтерге соққы жасаған. Каний тірі қалған.
Осы жолы да әйтіп-бүйтіп Кани тірі шыққан. Иран БАҚ-тары: «Кани Хаменейдің резиденциясынан шыққаннан кейін 1 минуттан соң резиденцияға соққы жасалған», - деп шулауда.
МОССАД АЙЫПТАУЛАРДЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ
Моссадтың мәлімдемесінде: «Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Исмаил Кани біздің тыңшымыз емес», — делінген.
Израиль барлау қызметі ирандық генералдың өз жағына өткені туралы бірнеше ай бойы айтылып келген қауесеттерді жоққа шығарғанына қарамастан, Иран Каниді ұстап, тергеуге алуда.
Канидің басқаруындағы құрылым соңғы жылдары өзінің ықпалын біршама жоғалтқанымен, оның тұлғасы әлі де маңызды деп саналады. Иран басшылығының аман қалған басқа өкілдері — олардың ішінде Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани мен Иран армиясының қолбасшысы Әмір Хатами бар — мемлекеттік арналарға сұхбат беріп, АҚШ пен Израильге қарсы айыптауларын батыл-батыл айтуда. Ал Аятолла өлгелі-бері Кани жұрт алдына мүлде шыққан жоқ.
Тұздық:
Қайсыбір жылы Иранның бұрынғы президенті Ахмадинижат:
«Израильмен күресуге арналған жасақ құрып, оны өте құпия еттік. Білікті адамды сол жасақтың басшысы етіп тағайындадық. Ол жасақ өте құпия жұмыспен айналысты. Сөйтсек сол жасақтың басшысының өзі Моссад агенті болып шықты», — деген.
Ал былтыр, 12 күндік соғыстан соң Ливанның сарапшысы Қасем Румолла:
«Израиль Иранның әскери қолбасшылары мен ядролық мамандарын қалай тауып алды? Алыстағы қыстаққа жасырынған мамандарды да тауып алып, соққы жасады. Қалайша? Барлау қызметінен бөлек, Ирандағы әр салада Израильдің тыңшылары бар. Олар кішкентай әскери бөлімшеден бастап биліктің биік эшелондарында отыр», — деген.
Қалай ойлайсыз, Кани сатқын ба?
Айтпақшы, Иран билігі Каниді жазадап, даоға асты деген де ақпарат бар. Бірақ, ол нақтылауды қажет ететін ақпарат…

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью