Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Әскерилердің мәліметінше, аталған нысанда қару-жарақ бөлшектері өндірілген және онда Израиль әскери қызметшілері мен бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауға дайындалып жатқан бірнеше топ мүшесі болған.
Соққы нәтижесінде нысан толық жойылған. ЦАХАЛ өкілдерінің айтуынша, операция алдында бейбіт тұрғындарға төнетін қауіпті азайту үшін бірқатар шара қабылданған. Оның ішінде жоғары дәлдіктегі оқ-дәрілер қолданылып, әуеден барлау жүргізілген.
Израиль Қорғаныс армиясы Газа секторындағы тікелей қауіптердің алдын алу мақсатындағы әскери әрекеттерін жалғастыратынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Газа секторында тыныс алу жолдары мен тері ауруларының шалдыққан адамдар саны 18 мыңнан асты.