Израильде Әл Жазира және Әл Маядин арналарының қызметі тоқтатылды

27.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Израильдің байланыс министрі Шломо Кархи американдық X әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасады.

– Бүгіннен бастап «Әл-Жазира» мен «Әл-Маядин» Израильде интернет сайттарында, теледидар арқылы және YouTube платформасында бұғатталатын болады. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху және үкімет жексенбіде «Әл-Жазира» мен «Әл-Маядин» арналарын бұғаттау туралы жарлықты бекітті, – деп жазды ол.

Кархи шешімнің спутник арқылы тарату қызметін тоқтату мәселесінің қорғаныс министрінің құзыретіне жататынын атап өтті. 

Haaretz газетінің хабарлауынша, бұл шешім Израильде 90 күн бойы күшінде болады. Осы мерзімнен кейін бұл шешім қайта ұзартылуы керек.

Басылым атап өткендей, бұл шаралар екі жыл бұрын қабылданған «Әл-Жазира туралы заңның» шеңберін кеңейтеді, ол заң бойынша осы екі арнаның Израиль аумағында таралуына тыйым салынған.

Сонымен қатар, Израиль парламенті өткен айда министрге төтенше жағдай жарияланбаған жағдайда да шетелдік БАҚ-тарды жабуға құқық беретін түзетуді мақұлдағаны туралы мәлімделді.

Осыған дейін былтыр қыста Палестина билігі Қатардың «Әл-Жазира» телеарнасының хабар таратуын тоқтатқан еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью