Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Израильдің оңтүстігіндегі «Кциот» түрмесінде қауіпсіздікті күшейту мақсатында қолтырауындар орналастырылатын арнайы ордың құрылысы басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жоба Израильдің ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирдің бастамасымен жүзеге асырылып жатыр. Оның мақсаты – түрмеден қашудың алдын алу және қауіпсіздік шараларын күшейту.
Осыған байланысты Ніл қолтырауынының құқықтық мәртебесі өзгертіліп, оларды пилоттық жоба аясында пенитенциарлық мекемелерде пайдалануға рұқсат берілді.
Арнайы ордың ұзындығы шамамен 170 метр болады. Құрылысқа 21 миллион шекель (шамамен 3,3 миллиард теңге) бөлінген. Әзірге орға қолтырауындар жіберіле ме, жоқ па, нақты шешім қабылданбаған.
Дегенмен бастама Израильдің Табиғат және ұлттық парктер басқармасының сынына ұшырады. Мамандар мұндай шешімнің ғылыми негізі жоқ екенін айтып, оның адамдар мен қоршаған орта үшін қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.