Израильдік компания Атырау өңірінде битум зауытын салады

28.01.2026

7kun.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Атырау облысында битум зауытының құрылысы жоспарланып отыр. Жоба бойынша инвестициялық келісім Астанада өткен Қазақстан-Израиль бизнес-форумы аясында жасалды, деп хабарлады Kazakh Invest ұлттық компаниясы.

Форум Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Гидеон Саардың Қазақстанға ресми сапары барысында өтті. Іс-шараға 30-дан астам израильдік компания өкілдері қатысты.

Инвестициялық жоба ішкі нарықты битуммен қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, өңірде жаңа жұмыс орындары ашылады.

Өткен жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Израиль арасындағы тауар айналымы 162 млн долларды құрады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью