Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде ауруханаларға 18 жаралы жеткізіліп, қаза тапқан 10 адамның мәйіті әкелінген.
Ведомство дерегіне сәйкес, эксклавта атысты тоқтату туралы келісім күшіне енген 2025 жылғы 10 қазаннан бері Израиль армиясының шабуылдары салдарынан 1 913 адам жарақат алған.
2023 жылғы 8 қазаннан бері Газа секторына жасалған шабуылдар нәтижесінде қаза тапқандардың жалпы саны 72 278 адамға жетті, ал жараланғандар саны 172 013 адамды құрады.
Израиль армиясы 2025 жылғы қазанда жарияланған атысты тоқтату режиміне қарамастан, Газаға шабуылдарын жалғастырып отыр.
Газа секторындағы үйінділер астында әлі де мыңдаған қаза тапқан адамның денесі жатыр. Олардың қатарында 2025 жылғы 10 қазаннан бері қаза тапқан 756 адамның мәйіті бар.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың қазан айынан бері Израиль армиясының Газа секторына жасаған соққылары салдарынан 72 263 адам қаза тауып, 171 944 адам жараланған.