Израильдің Газаға жасаған шабуылдарынан қаза тапқан адамдар саны 70 112 ге жетті

02.12.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Газа Денсаулық сақтау министрлігі жазбаша мәлімдемесінде Израиль шабуылдары салдарынан болған адам шығыны жөніндегі соңғы деректермен және үйінді астынан шығарылған жаңа мәйіттер туралы ақпаратпен бөлісті.

Министрліктің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде Израиль шабуылдары нәтижесінде үйінді астынан 9 палестиналықтың мәйіті шығарылған, тағы 1 жараланған адам ауруханаға жеткізілген.

Бітім күшіне енгелі бері шабуылдар барысында 356 адам қаза тапқан, 909 адам жараланған, ал үйінді астынан 616 адамның мәйіті табылған.

2023 жылдың қазан айында басталған Израиль шабуылдары салдарынан Газа секторында қаза тапқандардың жалпы саны 70 112 адамға, жараланғандар саны 170 986 адамға жетті.

Газадағы бітім және тұтқын алмасу келісімі

9 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп Мысырда жүріп жатқан келіссөздер барысында Израиль мен ХАМАС Газадағы бітімнің алғашқы кезеңін мақұлдағанын жариялады. Мысырда қол қойылған бітім келісімі Израиль үкіметінің мақұлдауымен 10 қазанда күшіне енді.

Газада бітім жарияланғанына қарамастан, Израиль әскері әртүрлі айыптауларды алға тарта отырып, палестиналықтарға анда-санда соққы беріп келеді.

Айта кетйік, бұған дейін БҰҰ Газа 70 жылдық даму жолынан айырылғанын мәлімдеді

Сондай-ақ Газадағы гуманитарлық көмек қоры жұмысын тоқтатқанын жариялады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью