Израильдің Ливанға жасаған кейбір соққылары әскери қылмыс болуы мүмкін БҰҰ

17.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бұл туралы сейсенбі күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі басқармасы мәлімдеді.

Израиль әскері Ливан аумағына соққы беруді Иран қолдайтын шииттік «Хезболла» қозғалысы Ливан аумағынан Израильге зымыранмен шабуыл жасай бастағаннан кейін жалғастырып келеді. Бұл әрекеттер АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы аясында өрбіді.

Ливан билігінің мәліметінше, Израиль соққылары салдарынан кемінде 886 адам қаза тапқан, 1 миллионнан астам адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

-Израильдің әуе соққылары халық тығыз қоныстанған қалалардағы тұтас тұрғын үйлерді жойды. Соның салдарынан бір отбасының бірнеше мүшесі, оның ішінде әйелдер мен балалар қаза болған жағдайлар жиі тіркелді , — деді Женевада журналистерге БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі басқармасының өкілі Тамин әл-Хитан.

Израиль әскері бұл мәлімдемеге қатысты пікір білдірмеді. Алайда бұған дейін Израиль армиясы соққылар «Хезболла» инфрақұрылымына бағытталғанын хабарлаған.

Осыған дейін Израильдің «Хезболла» ұйымының зымыран шабуылына жауап ретінде Ливанға бірқатар соққы жасағаны туралы жаздық.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью