Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарынан қаза тапқандар саны 23 адамға жетті

15.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бұл туралы Ливанның Ұлттық ақпарат агенттігі хабарлады. Агенттік мәліметінше, Израиль әскерінің Ливанның оңтүстігіндегі Хара-Сайда ауданындағы тұрғын үйге жасаған соққысы салдарынан төрт адам қаза тапқан.

Сонымен қатар Израиль авиациясы Тайбе елді мекеніндегі үйлердің біріне соққы жасаған. Алайда бұл шабуылдан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Эн-Набатия провинциясындағы Рахибелер ауданына жасалған Израиль шабуылы салдарынан жеті адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алған.

Осылайша, түннен бері Израильдің Ливанның әртүрлі аймақтарына жасаған шабуылдары нәтижесінде қаза тапқандардың жалпы саны 23 адамға жеткені атап өтіледі.

Бұған дейін Израиль армиясы Сур қаласының маңында орналасқан Бурдж-Калавей елді мекеніндегі медициналық мекемеге әуе соққысын жасағаны хабарлады.

Ливанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл шабуыл салдарынан алдын ала деректер бойынша 12 медицина қызметкері қаза тапқан.

Израильдің Ливанға шабуылдары

2 наурыз күні Израиль армиясы Ливан аумағынан елдің солтүстігіне қарай зымыран ұшырылғаны анықталғаннан кейін әуе дабылы сиреналары іске қосылғанын мәлімдеді.

Кейін Израиль әскері Ливан аумағына, оның ішінде астанасы Бейрут қаласына әуе соққыларын бастайтынын және құрлықтағы әскери операцияны кеңейту туралы шешім қабылдағанын жариялады.

Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, 2 наурыздан бері Израильдің шабуылдары салдарынан 773 адам қаза тауып, 1993 адам жараланған.

Айта кетейік, Израильдің Ливанға жасаған соққысынан бес адам қаза тапты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью