Израильдің Қорғаныс министрі кепілдегі адамдар босатылғаннан кейін не істейтінін айтты

13.10.2025

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Арменпресс-тің хабарлауынша, бұл туралы өзінің Х парақшасындағы микроблогында Изриальдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді.

Бұл ретте ол бұл шараның Газаны қарудан тазартып, ХАМАС-ты қауіпсіздендіру бағытында келісілген ұстанымның басты мақсаты екенін атап өтті.

 - Кепілдегі адамдар босатылған соң Израильдің басты мақсаты ХАМАС-тың Газа секторындағы барлық террористік туннельдерін жою болады. Бұл іс ЦАХАЛ-дың және АҚШ-тың жетекшілігімен және бақылауымен құрылатын халықаралық тетіктің көмегімен жүзеге асырылады, - деп жазды Кац өзінің қарулы күштерге осы миссияға дайын болуды тапсырғанын қоса отырып.

Осыған дейін ХАМАС-тың 13 қазанда израильдік кепілге алынғандарды босататыны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью