Израильдің СІМ басшысы тәуелсіздігін мойындаған Сомалилендке барды

07.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Израильдің Сыртқы істер министрі Гидеон Саар Сомалилендке ресми сапармен барды және бұл Израиль басшылығының аталған аумақты тәуелсіз ел деп мойындағаннан кейінгі алғашқы сапары болып отыр.

Бұл туралы Сомалилендтің ақпарат министрлігі хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, Саарды Харгейса әуежайынан жергілікті биліктің жоғары деңгейлі шенділері күтіп алды. Сапар барысында ол Сомалиленд президенті Абдирахман Мохаммед Абдуллахимен кездесіп, келіссөз жүргізбекші.

Израиль Сыртқы істер министрлігі бұл сапар туралы ресми хабар таратпады. 2025 жылдың 25 желтоқсанында Израиль Сомалиленд Республикасын тәуелсіз ел ретінде мойындаған БҰҰ-ның алғашқы мүшесі болды.

Бұл мойындау осы елдің 1991 жылы Сомалиден біржақты бөлініп шыққанынан соң 30 жылдан кейін болып отырған оқиға.

Израильдің бұл шешімі туралы Сомали, Таяу Шығыс пен Африканың бірқатар елі негативті пікір білдірді.

Бұл қадамды Еуропа одағы да сынады. Халықаралық деңгейде кең көлемде мойындалмаса да Сомалилендте кейінгі жылдары Ұлыбритания, Эфиопия, Түркия, БАӘ, Дания, Кения сияқты бірқатар елдің өкілдіктері жұмыс істеп келді.

Фото: yemenonline.info

Сомалиленд Африка мүйісінде, Аден шығанағының жағалауында, Йеменнің қарсы бетінде орналасқан. Бұл оның өңірлік және геосаяси тұрғыдан стратегиялық маңызын айқындай түседі.

Осыған дейін Израильдің Сомалилендті тәуелсіз мемлекет ретінде тануы не үшін дау тудырғаны туралы жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью