Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Иран қолдайтын йемендік хуситтер Израильдің оңтүстігіне зымыран соққысын жасап, қақтығысқа араласқанын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.
Иран қолдайтын йемендік хуситтер Израильдің оңтүстігіне зымыран соққысын жасап, қақтығысқа араласқанын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.
Израильдің оңтүстігінде дабыл қағылып, зымыран қағып түсірілдіИзраиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) мәліметінше, 28 наурызда таңертең Йемен аумағынан зымыран ұшырылған. Израильдің оңтүстігіндегі ірі елді мекен Беэр-Шева қаласында және оған жақын аудандарда әуе дабылының сиреналары іске қосылды. Әскерилер зымыранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері арқылы қағып түсірілгенін, зардап шеккендер жоғын хабарлады.
Айта кетейік, бұл - Иран төңірегіндегі жағдай шиеленіскен сәттен бергі хуситтер тарапынан жасалған алғашқы шабуыл.
Хуситтер нысаналы соққы жасалғанын мәлімдедіМәлімдемеде қозғалыс өкілдері шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойындарына алып, нысана ретінде Израильдің "сезімтал әскери объектілері" таңдалғанын айтты. Олардың сөзінше, соққы "баллистикалық зымырандардың жаппай ұшырылуы" арқылы жасалған.
Әскери араласу жөніндегі ескертулерШабуылдың алдында хуситтер қақтығысқа араласуға дайын екенін мәлімдеген болатын. Қозғалыстың әскери қанатының өкілі Яхья Сари егер АҚШ пен Израиль коалициясы кеңейсе немесе Қызыл теңіз Иранға қарсы операциялар үшін пайдаланылса, топ тікелей әскери әрекеттерге көшуі мүмкін екенін айтқан.
Сондай-ақ, ол Иран мен "қарсылық осіне" қарсы әрекеттердің күшеюі жауап шараларына негіз болатынын атап өтті, алайда олардың сипатын нақтыламады.
Қақтығыстың кеңею қаупіБақылаушылардың бағалауынша, хуситтердің араласуы қақтығыстың аумағын кеңейтуі мүмкін. Қозғалыстың алыс қашыққа соққы жасау мүмкіндігі бар және Қызыл теңіз аймағындағы кеме қатынасының қауіпсіздігіне әсер ете алады.
Бұған дейін Иранға одақтас күштер Ливан мен Иракта басталған қарсы тұрысқа тартылған болатын. Ал хуситтер осы уақытқа дейін тікелей әскери әрекеттерге қатысатынын жарияламаған еді.
Хуситтердің ұстанымы және кейінгі мәлімдемелерЯхья Сари өз үндеуінде қозғалыс Қызыл теңіздің Иранға немесе аймақтағы басқа елдерге қарсы "жаулық операциялар" үшін пайдаланылуына жол бермейтінін айтты. Сондай-ақ ол "Йемен қоршауының күшейтілуіне" жол берілмейтінін ескертті.
Бұдан бөлек, хуситтер АҚШ пен Израильдің Иранға және одақтас аумақтарға жасаған соққыларын тоқтатуға, сондай-ақ, Газа секторындағы атысты тоқтату жөніндегі келісімді орындауға шақырды.
Контекст2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылынан кейін Газа секторында соғыс басталды. Осыдан соң хуситтер палестиналықтарды қолдайтынын мәлімдеп, Қызыл теңіздегі халықаралық кеме қатынасына шабуыл жасай бастады.
Кейін олар Израиль аумағына зымырандар мен ұшқышсыз аппараттарды да ұшырды, бұл Израиль мен АҚШ-тың Йемендегі олардың позицияларына жауап соққылар жасауына себеп болды.
Шабуылдар 2025 жылғы қазанда АҚШ-тың арағайындығымен Израиль мен ХАМАС арасында жасалған атысты тоқтату келісімінен кейін тоқтатылған еді.
Бұған дейін Иран өз аумағына, соның ішінде аралдарына құрлықтан басып кіру жағдайында Қызыл және Араб теңіздерін жалғайтын Баб-эль-Мандеб бұғазын жабуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
Бұл бұғаз Йеменнің аумақтық суларының бір бөлігі болып саналады. Наурыздың ортасында жоғары лауазымды йемендік әскери қолбасшы Абед әл-Тавр хуситтер Иран жағында соғысқа араласқан жағдайда АҚШ пен Израиль үшін Баб-эль-Мандеб бұғазын жабуы мүмкін екенін айтқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!