Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Банк аталған ақпаратты президенттің JPMorgan және оның бас директоры Джейми Даймонға қарсы берген сот талап-арызы аясында растады. Осылайша, президент пен АҚШ-тың ең ірі банкі арасындағы «банктік жүйеден ажырату» деп аталатын дауға байланысты сот тартысының жаңа кезеңі басталды.
Бұған дейін Трамп JPMorgan-ға қарсы талап-арызды Флорида штатындағы сотқа берген. Қазіргі уақытта оның негізгі резиденциясы осы штатта орналасқан. Осы аптада ұсынылған құжаттар JPMorgan Chase-тің істі штаттық соттан Нью-Йорк қаласындағы федералдық сотқа көшіру әрекеттерінің бір саналады.
Атап айтқанда, осыған дейін банк шоттары Нью-Йоркте ашылған еді және Трамп соңғы уақытқа дейін өзінің іскерлік операцияларының басым бөлігін сол жерде жүргізген.
Трамптың адвокаттары жасаған мәлімдемеге қарағанда, JPMorgan президент пен оның компанияларын репутациялық «қара тізімге» енгізді. Осы тізімді банк пен басқа да қаржы институттары қызмет көрсетуден бас тарту үшін пайдаланады.
Өз кезегінде JPMorgan Трамптың талап-арызындағы талаптар негізсіз әрі құқықтық тұрғыдан дәлелсіз деп санайтынын жеткізді.
Бұл — Трамптың ірі банкке қарсы берген алғашқы сот ісі емес. 2025 жылғы наурызда Trump Organization дәл осындай себептермен несие карталарын шығаратын алпауыт компания Capital One-ға қарсы сотқа жүгінген болатын. Аталған істі қарау әлі де жалғасып жатыр.
Айта кетейік, осыған дейін Трамп JPMorgan Chase және оның бас директоры Джейми Даймонға қарсы 5 млрд доллар көлемінде талап-арыз түсіргені хабарланған едік.
Еске салсақ, АҚШ-тың бұрынғы президенттері Барак Обама, кіші Джорж Буш, Билл Клинтон және Джимми Картер 2021 жылғы қаңтарда Капитолийге жасалған шабуыл мен АҚШ Конгресі ғимараты алдындағы наразылықты айыптады.
Аружан Жǝнǝділ