Jusan Mobile атауын өзгертті

21.09.2026

Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: QMOBILE
Jusan Mobile атауын QMOBILE деп өзгертті. Бұл телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар нарығында 50 жылдан астам тәжірибесі бар компанияның бірінші ребрендингі емес.  2021 жылы Jusan тобының құрамына кіріп, «Jusan Mobile» АҚ болып аталған еді.

Атау өзгертуді компания телекоммуникациялар нарығында елеулі өзгерістердің боулымен, бәсеке күшеюімен, жаңа технологиялық мүмкіндіктердің пайда болуымен, тұтынушының талабы едәуір артқанымен түсіндіреді.

«Осы нарық үрдістері компанияның одан әрі даму тәсілдерін қайта қарауға және оның нарықтағы позициясын жаңғыртуға негіз болды. QMOBILE жаңа бренді компания дамуының жаңа бағытын көрсетпек. Әлбетте, телекоммуникациялар QMOBILE жұмысының негізі болып қала береді. Сонымен қатар компания классикалық телекоммуникациялар шеңберінен шығып, озық технологияларды енгізбек ниетте. Ең басты мақсат – Қазақстанның заманауи цифрлық инфрақұрылымын дамытуға үлес қосу», дейді компания тартқан ақпаратта.

Компания жаңа атаудағы Q әріпін еліміздің атымен байланыстрады.  

«QMOBILE брендімен нарыққа шығу – компанияның кешенді ішкі трансформациясының нәтижесі. Тұтынушыларымыз үздік цифрлық өнім мен сапалы қызмет алуы үшін тұрақты технологиялық дамуға басымдық береміз», – деп атап өтті Басқарма төрағасы Ринат Джексенов.

Айта кетейік, «QMOBILE» АҚ (бұрынғы «Jusan Mobile» АҚ) – байланыс, цифрлық инфрақұрылым және IT саласында озық шешімдер ұсынатын жетекші телекоммуникациялық және технологиялық оператор.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью