Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
– Жұмыстың жаманы жоқ деп ойлаймын. Қазір мен еңбекпен адал табыс тауып жүрмін. Кабинетте отыратын жұмысты күтпей, қимылдау керек. Жұмыссыз жату – жалқаулық, - дейді ол.
Бекзат жұмысын таңертең қала халқы шырт ұйқыда жатқанда бастайды. Өздеріне бекітілген аумақтың қоқысын жинап, полигонға тасымалдайды. Кейде көлігі бұзылып, жөндеуге тура келеді. Қарбалас жұмыстан үйіне кешке бір барады.
Фото: Бекзат Ұзақбаевтың жеке мұрағатынан– Біз жұмысқа кіріскен кезде қала ұйқыда жатады ғой. Халыққа қызмет етіп жүрміз. Кейде тұрғындардан алғыс та аламыз. Жалпы күнде таңертең міндетті түрде медициналық тексеруден өтеміз. Тазалыққа қатты мән беремін. Отбасым, 4 балам бар. Жұмыстан барғанда балаларым алдымнан жүгіріп шыққанда, шаршағанымды лезде ұмытамын, - дейді Бекзат Ұзақбаев.
Бекзат ұжымда ең жас жұмысшы. Әріптестері оны қамқорлап, әрдайым көмек қолын созады екен.
Фото: Бекзат Ұзақбаевтың жеке мұрағатынан– Бәріміз татумыз. Бір-бірімізге көмектесеміз. Бір көлік бұзылса, оны бәріміз жабылып жөндейміз. Сосын ғана жұмысқа кірісеміз, - дейді ол.
Қала тазалығына жауапты қызметкер тұрғындардың тазалық сақтау мәдениетіне тоқталды. Айтуынша, өз үйінің тазалығына бей-жай қарайтындар көп.
Фото: Бекзат Ұзақбаевтың жеке мұрағатынан Фото: Бекзат Ұзақбаевтың жеке мұрағатынан– Бір өкініштісі, қоқыс жәшігіне салмай, 5-10 метрден қоқысты лақтыра салады. Сол кезде жақындап салса болар еді ғой деп іштей қынжыламын. Қоқыс жинағаннан емес, кейде осындай түсінбейтін, қаласына, ортасына құрметпен қарамайтын адамдардан шаршайсың. Кейде өздерің сияқты адамдар жинайды, қоқысты шашпаңдар деп айтамыз. Тазалық қаланың көркі, зәулім үйлердің айналасы таза болғаны жақсы, соны тұрғындар өздері ластайды, - дейді Бекзат Ұзақбаев.
Бұған дейін, Маңғыстауда түйенің жіліктерінен кәдесый жасайтын шебер туралы жазған болатынбыз