Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
«Атырау» футбол клубы құрамын күшейту үшін Кабо‑Верде елінің жартылай қорғаушысы Жоао Паулиньоға қызығушылық танытып отыр.
Спорт журналисі Эльдар Аманбаевтың мәліметінше, клуб 27 жастағы ойыншымен келісім шартын алдын ала келісіп қойған.
Паулиньо Қазақстан жанкүйерлеріне жақсы таныс: ол 2025 жылғы маусымда шымкенттік «Ордабасы» сапында 17 матч өткізіп, 2 гол соққан.
Кейін футболшы Румынияның «Политехника» клубына ауысқанымен, негізгі құрамда тұрақтай алмады. Қазір ол еркін агент мәртебесінде.
Атыраулық клубқа оның келуі жаңа инвесторлардың келуіне тікелей байланысты екені атап өтілуде.
Бүгін, 13:34