Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Футзалдан еліміздің ұлттық құрамасының бас бапкері болып Какау (толық аты-жөні – Рикардо Камара Собрал) тағайындалды.
Бұл жаңалықты жанкүйерлер жылы қабылдады. 54 жастағы бразилиялық маман 2013–2018 жылдар аралығында да дәл осы қызметте болған.
Какаудың жетекшілігімен еліміздің бас командасы 2016 жылы Еуропа чемпионатында айды аспанға бір-ақ шығарып, қола медальді олжалады.
Бапкер Алматының «Қайрат» клубының тізгінін ұстағанда жерлестеріміз УЕФА кубогін иеленіп, елішілік жарыстарда қарсылас шақ келтірмеді.
Басқа да дүбірлі додаларда дараланды. Сол аралықта ел құрамасын жеті жылдай Кака (Паулу Рикарду Фигероа Силва) жаттықтырды.
Бұл маманның да тұсында жерлестеріміз үлкен ареналарда елеулі табыстарға қол жеткізді.
Бас бапкерлік қызметке тағайындалғаннан соң Какау БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, алдағы жоспарлары туралы айтты.