Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, өрт 10 шілдеде тұтанған. Калифорнияның өртке қарсы қызметі әзірге тілсіз жаудың шығу себебі анықталмағанын мәлімдеді.
Өрттің қауіпті қарқынмен таралуына байланысты жергілікті билік бірнеше аудан тұрғындарын міндетті түрде эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
Ал Fox News телеарнасының жергілікті бөлімшесі куәгерлерге сілтеме жасап, жалынның кейбір тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға жеткенін хабарлады.
Айта кетейік, жылдың басында Чилидегі орман өртінен 300 үй қирап, 18 адам қаза тапқаны хабарланған еді.