Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қала вице-мэрі Джейсон Лидің айтуынша, оқиға балалардың туған күніне арналған мереке кезінде болған.
ВВС таратқан мәліметке сәйкес, шабуыл жасаған адамның жеке басы әзірге анықталған жоқ. Сондай-ақ жергілікті билік оқиғаға қатысты қосымша ақпарат бермей отыр.
CBS телеарнасы жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлағандай, сенбі күні кешкісін Калифорнияның солтүстігіндегі Стоктон қаласында өткен отбасылық жиында оннан аса адам оққа ұшты.
«14 жәбірленушінің төртеуі қаза тапқаны шериф кеңсесі тарапынан расталды», – деп жазды журналистер.
Шериф өкілі Хизер Бренттің айтуынша, қаза тапқандардың арасында балалар да, ересектер де бар. Алдын ала деректер бұл оқиғаның мақсатты түрде жасалғанын көрсетеді.
Бұған дейін АҚШ-тағы тағы бір оқиға туралы хабарланған еді: Ақ үй маңында АҚШ Ұлттық гвардиясының әскери қызметкерлеріне оқ атылған. Кейінірек Батыс Вирджиния губернаторы жараланған екі ұлттық гвардия қызметкерінің алған жарақаттарынан көз жұмғанын мәлімдеді.
Кейін АҚШ президенті Дональд Трамп бұл шабуылды террор актісі деп атап, әрбір шетелдікті қайта тексеруге уәде берді.