Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Еуроодақтың дипломатия басшысы Кая Каллас дүйсенбі күні сыртқы істер министрлері Украинаға 90 млрд еуро көлемінде кредит беруге келіседі деп сенімді түрде айта алмады.
"Әрине, біз 90 миллиард еуро көлеміндегі кредит мәселесін де талқылаймыз. Оны ілгерілету керек. Алайда оның соңы қалай болатынын көре жатармыз", — деді ол отырыс басталар алдында.
Бұған дейін Венгрия Украина "Дружба" құбыры арқылы мұнай жеткізуді қайта бастамайынша, Ресейге қарсы 20-шы санкциялар пакетін де, Киевке 90 млрд еуро бөлу бастамасын да блоктайтынын мәлімдеген еді.