Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Евродипломатия басшысы Кая Каллас Ресей "Орешник" қаруын қолданғаннан кейін ЕО елдері әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарының қорын кеңірек пайдаланып, оларды дереу Украинаға жеткізуге тиіс екенін мәлімдеді.
9 қаңтарға қараған түні Ресей Қарулы күштері Украинаның 2025 жылғы 29 желтоқсанға қараған түні Ресей Федерациясы президентінің Новгород облысындағы резиденциясына жасаған шабуылына жауап ретінде жаппай соққы жасады.
Шабуыл кезінде ұзақ қашықтыққа арналған жоғары дәлдіктегі қару-жарақ, оның ішінде "Орешник" зымыран кешені, сондай-ақ соққы беруші ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылған.
"ЕО елдері өздерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары қорын неғұрлым кеңірек пайдаланып, оларды (Украинаға – ред.) шұғыл түрде жеткізуі керек", — деп жазды Каллас X әлеуметтік желісінде.
Сондай-ақ ол Ресейге қарсы санкцияларды одан әрі қатаңдатуға тағы шақырды.