Калмаэги тайфуны Вьетнамға жетті, қаза тапқандар бар

07.11.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

«Калмаэги» тайфуны Вьетнамның орталық таулы және жағалаудағы провинцияларына соғып, кем дегенде бес адам қаза тауып, жеті адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Фото: Vietnam News

Вьетнамның Табиғи апаттардың зардаптарын жою және бөгеттерді басқару басқармасының мәліметінше, тайфун салдарынан ондаған үй қиратылып, 2 799 тұрғын үй зақымданған, сондай-ақ 11 балық аулау кемесі суға кеткен.

Ең көп қирау Зялай және Даклак таулы провинцияларында тіркелді. Мұнда 28 электр жеткізу желісі үзілген, салдарынан шамамен 1,6 миллион адам жарықсыз қалған.

Синоптиктердің болжауынша, жұма мен сенбі аралығында Тханьхоа провинциясынан бастап Куангчи провинциясының солтүстік бөлігіне дейінгі аумақта жауын-шашын мөлшері 200 мм-ге дейін жетуі мүмкін.

Жергілікті билік апат салдарын бағалау және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырып жатыр.. Вьетнамның вице-премьері Хо Дык Фок зардап шеккен провинцияларға жедел көмек көрсету үшін орталық бюджет резервінен 80 миллиард донг (шамамен 3,04 миллион АҚШ доллары) бөлу туралы бұйрыққа қол қойды.

Айта кетсек, Вьетнам жағалауына жетпей тұрып, «Калмаэги» тайфуны Филиппинді де соққан еді, онда ресми деректер бойынша 188 адам қаза тапқан.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью