Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының «Бірыңғай геофизикалық қызмет» федералдық зерттеу орталығының Камчатка филиалы мәлімдеді. Екі жер сілкінісі де 15 шілде күні араға алты минут салып тіркелген.
Мәліметке сәйкес, жер асты дүмпулерінің эпицентрі Петропавл-Камчатский қаласының оңтүстік-шығысындағы теңіз акваториясында орналасқан.
Алғашқы магнитудасы 6,0 болған жер сілкінісі қаладан 210 шақырым қашықтықта, 64,6 шақырым тереңдікте тіркелді. Ал екінші магнитудасы 5,7 болған жер асты дүмпуі Петропавл-Камчатскийден 206 шақырым жерде, 72 шақырым тереңдікте болды.
Айта кетейік, Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында магнитудасы 5 болатын екі жер сілкінісі тіркелді