Камчаткадағы Шивелуч жанартауы 6 шақырым биіктікке дейін күл атқылады

02.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Камчатка жанартаулар атқылауына ден қою тобы мәліметінше, жанартаудың атқылауы жалғасып жатыр.

Жарылыс салдарынан күл бұлтының биіктігі 6 шақырымға жетіп, батыс–солтүстік-батыс бағытта шамамен 70 шақырымға таралған. Осыған байланысты Шивелучке авиациялық қауіптің «қызғылт сары» деңгейі берілді.

Шивелуч – Камчатка түбегіндегі Шығыс жотасы аумағында орналасқан белсенді жанартау. Ол Ресей Федерациясының Камчатка өлкесіндегі ең солтүстік нүктесіндегі жанартаулардың бірі саналады. Ол жерден Петропавл-Камчатский қаласына дейінгі қашықтық шамамен 440 шақырымды құрайды.

Шивелучтың ең қуатты атқылауларының бірі 1964 жылғы 12 қарашада тіркелген. Ол кезде жанартау 15 шақырым биіктікке дейін күл атқылап, лай мен жанартау жыныстарының ағындары 20 шақырымға дейін тараған болатын.

Айта кетейік, жақында Камчаткада циклоннан кейін кейбір үйлерді қар басып қалған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью