Камера жоқ аймақтарда көліктерді дрондар бақылайды

22.10.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

— Біз жол-көлік оқиғаларының саны, онда қаза болғандар мен жарақат алғандарды бөлек жіктеп қарастырамыз. Жол-көлік оқиғалары, әрине, мегаполистерде көп болады. Себебі Астана, Алматы, Шымкент қалаларында автокөлік саны көп. Ал адам шығынымен болатын жол-көлік оқиғалары көбіне Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарында тіркеледі. Өйткені ондағы транзит ағыны өте жоғары, — дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ақтоты Боранова «Бүгін LIVE» бағдарламасына берген сұхбатында.

Министрлік маманы мұндай апаттардың алдын алу үшін жоғары технологиялар да қолданылып жатқанын айтады.

— Мұндай апаттардың алдын алып, А пунктінен В пунктіне аман-есен бару үшін «Орташа жылдамдық» ұғымы енгізілді. Одан кейін жол-патрульдік автокөліктерінде автоматты түрде тіркеу жүйелері орнатылған. Қазіргі таңда қала сыртындағы жолдарда олардың саны шамамен 500-ден асты. Ал камералар жоқ жердегі көлік қозғалысын бақылау үшін көбіне дрондар қолданылады. Түптің түбіне келгенде, атқарылып жатқан жұмыстардың бәрі азаматтардың қауіпсіздігі үшін, — дейді студия қонағы.

Айта кетейік, Ұлытау облысында мас күйде көлік басқарған 15 адам жауапқа тартылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью