Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Атырау облысында жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен мас күйінде көлік жүргізудің 60-тан астам дерегі тіркелді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Жедел басқару орталығы тәулік бойы қала аумағын бақылап, күмәнді әрекеттерді анықтап, патрульдік полицияға жедел ақпарат береді. Инспектор-кезекшілердің бірі Наурызбек Ұзақбаев қызмет барысында Орталық көпір маңында қозғалысы күдік тудырған Hyundai көлігін байқап, бірден патрульге бағыттама берген. Тексеру кезінде жүргізушінің мас күйде екені анықталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы бойынша хаттама толтырылған.
Мамандардың айтуынша, уақытылы анықталған бір ғана құқық бұзушылық ауыр жол апатының алдын алуы мүмкін. Ұзақбаевтың сөзінше, олардың басты мақсаты — заң бұзушылықты тіркеу ғана емес, оның алдын алу.
Айта кетейік, жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізу және көлікті мас адамға басқаруға беру бойынша 60-тан астам жағдай тіркелген. Полиция дер кезінде берілген әрбір бағыттама бір адамның өмірін сақтап қалуға ықпал етуі мүмкін екенін атап өтті.
Бүгін, 13:29