Канада АҚШ пен сауда байланысын тоқтатпақ

23.10.2025

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Канада АҚШ-пен сауда қатынасын тоқтатуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы елдің премьер-министрі Марк Карни мәлімдеді. Оның айтуынша, америкалық тарифтер инвестицияның өсуін баяулатып, ел экономикасына кері әсер етіп отыр. Салдарынан автомобиль жасау, болат өндіру және ағаш өңдеу салаларына қауіп төнген. Осы ретте үкімет көпжылдық сауда байланысының аяқталып келе жатқанын мәлімдеп, енді Үндістан мен Қытай сынды елдермен ынтымақтастықты күшейтуді көздеп отыр. Қазіргі таңда Канада экспортының 75%-ы АҚШ нарығына бағытталған. Екі ел арасындағы еркін сауда жөніндегі келісім келесі жылы қайта қаралады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью