Канадада қарлы боран соқты

27.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Канадада қалың қар жауып, боран соқты.

 Онтарио провинциясында 10 сағаттан астам уақыт бойы жалғасқан жауын-шашыннан кейін жел ұйытқып, көріну деңгейі төмендеген. Салдарынан 50-ден астам жол-көлік апаты тіркелді. Оттава мен Торонто қалаларында қар тазалау жұмыстары күні түні жүргізіліп жатыр. Ал Квебек провинциясында 13 мыңнан астам үй шаруашылығы жарықсыз қалды. Әуежайлар да жұмысын тоқтатты. Синоптиктер қардың қалыңдығы 40 сантиметрге дейін жетуі мүмкін деп болжап отыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью