Каналдарды реконструкциялау: 600 млн теңгеге жуық қаржы үнемделді

11.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазір барлық жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, оң қорытынды алды. Жобалардың алтауы Жамбыл облысының Байзақ және Жамбыл аудандарындағы магистральдық каналдарды бетондау жұмыстарын қамтиды. Ал бір жоба Павлодар облысындағы Қ.Сәтбаев атындағы каналдағы бөгеттердің бірін реконструкциялауға бағытталған.

– Жобаларды кәсіпорын мамандары өздері, үшінші тарапты тартпай-ақ әзірледі. Бұл қомақты қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар қаржы-шаруашылық қызметті оңтайландыру аясында «Қазсушар» РМК техника паркі 27%-ға жаңартылды. Соның арқасында техниканы жалға алу шығыны 85%-ға қысқарып, оны жөндеуге кететін шығын екі есе азайды,– деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайхан.

Айта кетейік, Жамбыл облысының Талас ауданында «Қазсушар» РМК-ның жергілікті филиалы 40 жылдан астам уақыт бойы тазартылмаған жер каналды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Биыл Сәтбаев каналынан Шідерті алқабына қанша су жіберіледі.

Биыл 103 суару каналын автоматтандыру басталады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью