Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) ұйымдастырған бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасын талқылау бойынша дөңгелек үстелге қатысты. Ол экономика мен кәсіпорындарды банктік қаржыландыруды тиімді және ауқымды нарықтық қаржыландырумен толықтыру қаржы жүйесінің алдында тұрған стратегиялық таңдау екенін атап көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Әділ Мұхамеджанов реттеуші функцияларды қайта теңестіру шеңберінде KASE өкілеттіктерін қайта қарауды, өңірлік есеп айырысу хабы ретінде Орталық депозитарийді күшейтуді, орталық контрагенттің рөлін күшейтуді, кредиттік тәуекелдерді басқару инфрақұрылымын дамытуды және цифрлық қаржы активтері нарығын іске қосуды атап өтті.
Сондай-ақ KASE мен АХҚО арасындағы реттеуші және салықтық төрелікті ұйымдастыру және бірыңғай инвестициялық кеңістікті қалыптастыру ниеті маңызды қадам.
«Цифрлық трансформацияға: цифрлық қаржы активтері нарығын дамытуға, бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды тездету және оларға қатысты құқықтарды есепке алуды айқын ету үшін жаңа технологияларды пайдалануға, сондай-ақ халықаралық қаржылық қатынастар стандарттарына көшуге ерекше назар аудару қажет. Маңызды міндет – инвесторлар үшін бірыңғай, түсінікті инвестициялық кеңістік қалыптастыру», деп атап өтті KASE басшысы.
Ол зейнетақы және сақтандыру активтерінің қатысуын белсенді ету, бөлшек инвестициялауды ынталандыру және қаржылық сауаттылықты арттыру арқылы ішкі сұранысты қалыптастыруды капитал нарығының өсуінің негізгі факторы деп атады.
Ұлттық банк: Бизнес рубль мен доллардың ауытқуына тәуелділікті төмендетеді
Әділ Мұхамеджановтың пікірінше, капитал нарығын дамытудағы маңызды қадам бағалы қағаздар нарығы туралы жаңа заңның қабылдануы болмақ. Ол белгіленген күн тәртібін іске асыру үшін KASE реттеушімен және нарық қатысушыларымен сындарлы диалогқа дайын екенін растады.
Ұлттық банк ескертеді: Төлем картасын бұғаттау арқылы жасалатын алаяқтық көбейді
Соңғы жаңалықтар
Жамбыл облысында 623,3 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылады
Аймақтар • Бүгін, 23:39
Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды жеке-жеке қабылдады
Аймақтар • Бүгін, 00:00
Жастар • Кеше
Түркістанда полицейлер жол ережесін бұзған 700-ден астам жүргізушіні анықтады
Аймақтар • Кеше
Елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы артты
Қоғам • Кеше
Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді
Қазақстан • Кеше
Ата заң • Кеше
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе ЖЭО ұжымымен Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Кеше
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға 184 МЫҢ талапкер қатысады
Білім • Кеше
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Кеше
«Талдау» ұлттық зерттеулер орталығының сарапшылары конституциялық жаңашылдықтарды талқылады
Ата заң • Кеше
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Кеше
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Әдебиет • Кеше
Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Кеше