Карантиндік бақылау: Ресейден келген ағаш материалынан қауіпті қоңыз табылды

01.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Петропавл қаласында карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу барысында Ресей Федерациясынан әкелінген қарағай сүрегінен дайындалған араланған ағаш материалдары легінен карантиндік нысан – кіші қара шырша мұртты қоңызын (Monochamus sutor L.) анықтады. Жалпы көлемі 33 текше метр.

Залалдану фактісі «Фитосанитария» ШЖҚ РМК жүргізген карантиндік фитосанитариялық сараптаманың қорытындысымен расталды.

Алматыда сирек өсімдіктер қоры жасалады

Еліміздің өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жеке кәсіпкерге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Сот қаулысымен кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды. Карантиндік өнім жойылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью