Каратэден Қазақстан құрамасы Премьер лига турнирін төрт медальмен қорытындылады

13.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан каратэ федерациясынан мәлім еткеніндей, ұлттық құрама қоржынына төрт медаль (1 алтын, 2 күміс, 1 қола) түсті. 

Софья Берульцева 68 келіден жоғары салмақта қарсылас шақ келтірмеді.

Ал Нұрқанат Әжіқанов 75 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ол финалда тартысты бәсекеде түркиялық Энес Булутке ғана жол берді – 5:6. 

Бұл - Нұрқанаттың Премьер-лига санатындағы турнирдегі төртінші жүлдесі. 2022 жылы Баку Премьер-лигасында топ жарды. 2024 жылы 2 рет қола жүлдеге ие болды.

Фото: Қазақстан каратэ федерациясынан

Сондай-ақ Әсел Қанай 61 келіге дейінгі салмақта күміспен күптелді. Ол соңғы бәсекеде ғана қытайлық Гон Лиге есе жіберді. Бұған дейін осы маусымда Әсел Римде де екінші орын алған еді. 
Ал Олжас Алтынбек 67 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы байрақты бәсекеге қатысқан 69 елдің ішінен алдыңғы төрттікке кірді. 

Жалпы есепте Түркия (2 алтын, 1 қола) көш бастаса, Қытай (2 алтын) екінші, Жапония (1 алтын, 4 күміс, 6 қола) үшінші орыннан көрінді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық каратэшінің Қытайдағы Премьер-лиганың қола жүлдесін жеңіп алғанын жазған болатынбыз

Сондай-ақ каратэші Софья Берульцева Қытайдағы Премьер-лига турнирінде топ жарды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью