7kun.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Экс ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі самурай қылышы электронды саудада 3 413 825 теңгеге сатылды.
Лотты Қайтарылған активтерді басқару компаниясы аукционға шығарған.
Бастапқы баға 461 312 теңге болғанымен, сауда барысында қылыш құны жеті еседен астам өсіп, жоғары бағаға өтті. Сауда нәтижелері электронды сауда алаңында жарияланды.
Лот сипаттамасына сәйкес, қылыш қынабымен бірге ұсынылған: болат жүзінде бойлық ойық бар, қынабы қара материалдан жасалған, ал сабы геометриялық өрнегі бар сұр металдан құйылған.
Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылғы 4 қарашада осы компания ұйымдастырған саудада Мәсімовке тиесілі тағы бір самурай қылышы бастапқы бағамен 542 719 теңгеге сатылған болатын. Сонымен қатар, бұрын оның Астанадағы 1,8 млрд теңгеге бағаланған особнягы да аукционға шығарылып, кейін ғимаратты ерекше балаларға арналған орталыққа беру жоспарланғаны хабарланған.