Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Екі жұмысшыны құтқарған полицейлерді облыс әкімі марапаттады.
"20 тамызда Қасым Қайсенов елдімекенінже полицейлер кәріз құдығындағы жұмыс кезінде есінен танып қалған екі жұмысшыға көмек көрсетті. Полиция капитаны Әсет Нағашбаевтың қырағылығы мен полиция майоры Нұрдәулет Тетеповтің батыл әрекетінің арқасында екі азамат дер кезінде құтқарылды. Өңір басшысы тәртіп сақшыларының ерлігін, кәсібилігін және көмекке әрқашан дайын тұратынын атап өтіп, мұндай игі істер мен жоғары азаматтық жауапкершіліктің маңызына тоқталды", делінген 2026 жылғы 27 тамыздағы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Бұған дейін ШҚО-да кәріз құдығына бірінен кейін бірі түскен қос жұмысшы өмірмен қош айтыса жаздағанын жазғанбыз.