Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Әлімханұлы мен Адамес арасындағы ықтимал кездесу туралы 2023 жылдан бері айтылып келеді. Екі боксшы бірін-бірі әлеуметтік желілер арқылы жекпе-жекке шақырып жүргенімен, нақты келісімге келген сәтте келіссөздер тоқтап қалып отырған. Бұл аралықта олар бір-бірін келісімшартқа қол қоюдан бас тартып, қорқақтық танытып жүр деп айыптаған.
2026 жылдың сәуірінде Карлос Адамес қайтадан ашық мәлімдеме жасап, Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды. Оның айтуынша, бұл айқас оның мансабы үшін ерекше маңызға ие.
— Бұл жекпе-жек мен үшін өте жеке мәселе. Ол маған рингтен тыс зиян келтіремін деп айтқан. Мен оның мұны сөзбен емес, рингте дәлелдегенін қалаймын. Ол камера алдында немесе микрофон арқылы емес, нақты қалай әрекет ететінін көрсетсін. Мен өзімді одан мықты боксшымын деп есептеймін. Сондықтан оның бәрін рингте дәлелдеуі керек, — деді Адамес Inside The Ring YouTube арнасына берген сұхбатында.
Ол сондай-ақ жекпе-жекке кез келген уақытта дайын екенін және Әлімханұлымен кездесу өткізуге асығатынын айтты.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылдың желтоқсанына дейін дисквалификацияда. Бұған оның допинг сынамасынан тыйым салынған зат табылуы себеп болған. Қазіргі уақытта WBO боксшының дисквалификациясын қысқарту немесе алып тастау туралы апелляциясын қарастырып жатыр.
Сонымен қатар, Карлос Адамеспен жекпе-жекке ресми түрде тағы бір қазақстандық боксшы — Мейірім Нұрсұлтанов та үміткер ретінде қарастырылып отыр.
Бұған дейін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг ісі бойынша тағайындалған дисквалификациядан құтылу үшін жаңа қадам жасағанын жаздық.