Картоп пен сәбіз: 2026 жылы тапшылық қаупі бар ма?

27.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен көктемгі егіс жұмыстарын даярлау және өткізу жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Фото: turkystan.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың хабарлауынша, 2026 жылы өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністердің, ең алдымен картоп пен сәбіздің егіс алқаптарын ұлғайтуы қажет.

Оның айтуынша, өткен жылы картоп егісін арттыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізіліп, ұйымдасқан шаруашылықтардағы егіс көлемі 12,5 мың гектарға ұлғайған.

«Өнім көлемі нарықтағы баға тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты өңірлер түпкілікті егіс құрылымын бекіту кезінде сәбіз егісін ұлғайту міндетін ескеруі қажет», деп атап өтті вице-министр.

Сондай-ақ болжамды егіс құрылымында қарақұмық егіс алқаптарын кезең-кезеңімен ұлғайту көзделген. 2026 жылы оның егісін 101 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр (2025 жылы – 91 мың гектар). Өңірлерге белгіленген индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Көктемгі егіс жұмыстары үшін шаруалар ерте қаржыландырылады

Жүгері егісін кеңейтуге де ерекше назар аударылды. Егіс алқаптарының айтарлықтай ұлғаюы Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу бойынша Fufeng Group компаниясының жаңа тік интеграцияланған өнеркәсіптік паркін, сондай-ақ Түркістан облысындағы «Қазкрахмал» ЖШС-нің крахмалды сірне өндіру зауытын шикізатпен қамтамасыз ету үшін қажет.

Жаңа өндірістердің қажеттілігін тек оңтүстік өңірлер есебінен қамтамасыз ету мүмкін емес. Осыған байланысты үш солтүстіктегі астық егетін өңірде жүгері егіс алқаптарын әрқайсысында орта есеппен 15 мың гектарға ұлғайту міндеті қойылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өз тарапынан Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығымен және Мемлекеттік сорт сынау комиссиясымен бірлесіп, өңірлерге әдістемелік және технологиялық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Бұл солтүстік өңірлердің жағдайына бейімделген өсіру технологияларын енгізу және сәйкес сорттарды іріктеу бөлігінде жүзеге асырылады.
Қосымша Ауыл шаруашылығы министрлігі жүгері өсіруде практикалық көмек көрсетуге дайын екенін білдірген қытайлық компаниямен кездесу өткізді. Қытай тарапы топырақ-климаттық жағдайлары ұқсас Қытайдың солтүстік өңірлерінде жүгері өсіру тәжірибесімен бөлісуге, сондай-ақ осындай жағдайларға бейімделген технологиялар мен сорттарды ұсынуға дайын. Осыған байланысты өңірлерге халықаралық тәжірибені ескере отырып, жүгері егісін кеңейту бағытындағы жұмысты жандандыру ұсынылды.

Азық-түлік бағасы тұрақты бақылауда

Өңірлерге минералды тыңайтқыштарды жөнелту басталған. Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазфосфат» ЖШС-мен 2026 жылы аммофостың қосылған құн салығын есептемегендегі тоннасына 254 мың теңге деңгейінде (өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға жоғары) бекітілген баға белгілеу туралы меморандумға қол қойды. Қазір ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен шарттар жасасу және жеткізу кестелерін келісу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
2025 жылы көктемгі егіс және жинау жұмыстарын жүргізу үшін 7 мыңнан астам ауыл шаруашылығы өндірушісіне жалпы сомасы 501,5 млрд теңге көлемінде кредит беріліп, 7 млн гектардан астам егіс алқабы қамтылды. Аграрлық кредит корпорациясы арқылы егіс науқанында 126 фермерді 17 млрд теңге көлемінде қаржыландырады, тағы 235 өндірушінің өтінімі қаралып жатыр.

Демалыс күндері азық-түлікті қайдан арзан алуға болады?

Соңғы жаңалықтар

Жаркенттегі қатыгездік: Баласын аяусыз ұрған әйел 7 жылға сотталуы мүмкін

Оқиға • Бүгін, 09:50

Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды

Оқиға • Бүгін, 09:37

Жел, боран және көктайғақ: Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:14

Ата заң реформасы ауқымды өзгерісті қамтиды

Ата заң • Бүгін, 09:05

Заң мен тәртіп – мемлекеттік саясаттың басты қағидаты

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:00

Әлеуметтік бағытты бекемдеген бастама

Қоғам • Бүгін, 08:55

Өлең құрастыратын кітап

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Әлемдік тәжірибедегі бір палаталы Парламент тиімділігі

Құрылтай • Бүгін, 08:48

Қамкөңіл жандарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 08:45

Тәуелсіздік, бірлік һәм жаһандық жауапкершілік

Пікір • Бүгін, 08:43

ChatGPT-дің жаңа сүзгісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Жетісу мәдениеті жандана түсті

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Алматыда эстон қолғаптарының көрмесі ашылды

Көрме • Бүгін, 08:33

Өнер ордаларының өрісі

Саясат • Бүгін, 08:32

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью