Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,65 теңгеге арзандап, 473,13 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 479,82 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 470,00 теңгеден сатып алынады, 477,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 550,00 теңге, сату — 560,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,99 теңге, сату — 6,30 теңге.
— юань: сатып алу — 68,32 теңге, сату — 74,31 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 471,74 теңгеден сатып алынады, 474,18 теңгеден сатылады. Еуро 552,39 — 557,92 теңге, ал рубль 6,06 — 6,19 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 69,68 теңгеден сатып алынады, 72,58 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 9 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,19 теңгеге өсіп, 479,82 теңге болды.