Кәсіби дамуға бастайтын қадам

10.09.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

QyzPU-дың Халықаралық ынтымақтастық департаменті шет­елде білім алуға аттанатын студенттермен арнайы кездесу өт­кізіп, академиялық ұтқырлықтың білім алушылардың кә­сіби және тұлғалық дамуына беретін мүмкіндіктерін түсін­дірді.

Университет студенттері Польша, Қытай, Латвия, Түр­кия, Өзбекстан және Қырғызстандағы серіктес жоғары оқу орын­дарында білім алып, халықаралық академиялық ортада тә­жірибе жинақтайды. Академиялық ұтқырлық – студенттер­дің білім көкжиегін кеңейтіп, жаңа оқу тәжірибесін мең­геруіне, кәсіби дағдыларын жетілдіруіне және өзге мәдениет­термен танысуына мүмкіндік беретін маңызды бағдарлама. Шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу студенттердің дербестігін арттырып, халықаралық ортада коммуникациялық және бейімделу дағдыларын қалыптастыруға да ықпал етеді.

Кездесу барысында студенттерге шетелдегі оқу үдерісіне бейімделу, қажетті құжаттарды рәсімдеу, академиялық талап­тарды сақтау мәселелері бойынша кеңестер берілді. Сонымен қатар жаңа әлеуметтік ортаға бейімделу, шетелдік студент­термен қарым-қатынас орнату және мәдени ерекшеліктерді құрметтеу жөнінде маңызды ақпарат ұсынылды. Студенттер өзін қызықтырған сұрақтар қойып, мамандардан жауап алды. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына филология, жара­ты­лыстану ғылымдары, физика-математика, IT, тарих, геогра­фия, өнер және басқа да бағыттар бойынша білім алып жат­қан студенттер қатысады.

Айта кетейік, Халықаралық ынтымақтастық департаменті 2026 жылғы қазанда 2026-2027 оқу жылының көктемгі се­местріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша сту­денттерді іріктеу конкурсын жариялауды жоспарлап отыр.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью