Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
— «Құпия» дейтін конституциялық термин бірінші кезекте адамның жеке ақпаратын оның еркіне қайшы келе отырып заңсыз, негізсіз иемденуге жол жоқ екенін білдіреді. Жеке құпияға кез келген азаматтың интимдік-эмоционалдық байланысы, жеке симпатиясы мен антипатиясы, денсаулық жағдайы туралы мәліметтер кіре алады. Жеке деректер туралы заңның 11-бабында қазірдің өзінде қолжетімділігі шектелген жеке деректерге қол жеткізе алатын операторлардың меншік иелері мен үшінші тұлғалар ол деректердің құпиялығын дерек иесінің немесе заңды өкілінің келісімінсіз таралуына жол бермеу талаптарын сақтау арқылы сақтау керектігі бекітілген, — деді ол.
Заңгер қызмет бабы бойынша және еңбек қатынастарына байланысты қолжетімділігі шектеулі деректер туралы мәлімет алған тұлғалар ол деректердің құпиялығын қамтамасыз етуге міндетті екенін Ата заңмен бекіту керек деп отыр.
— Қылмыстық кодекстің 148-баптың 1-бөлігі бойынша құпияны заңсыз бұзу екі жылға дейін бас бостандығынан айыру үкімімен жазаланатыны айтылған. Бірқатар мамандық өкіліне сеніп тапсырылатын жеке отбасы деректерін азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін «кәсіби құпия» деп бекіту қажет. Оларға дәрігер құпиясы, адвокат құпиясы, мойындау құпиясы, алдын ала тергеу құпиясы, нотариалдық әрекеттер құпиясы сияқты деректер жатады. Сондықтан ҚР Конституциясының жеке бостандыққа құқық мазмұнына әр адамның жеке деректерді заңсыз жинаудан, сақтаудан, өңдеуден, пайдаланудан оның ішінде цифрлық технологияларды қолдана отырып та пайдаланудан тәуелсіздік беретін құқықтық өкілет енгізу керек, — деді Марат Бәшімов.
Айта кету керек, Конституциялық комиссия отырыстарында ұсынылып жатқан бастамалар мен нормалардың қайсысы қабылданып, қайсысы Ата заңға енбейтінін референдум шешеді.
Kazinform агенттігінің қазақ және орыс тіліндегі Telegram арнасында мәтін трансляциясы болады.
Өткен аптада Конституциялық комиссияның алғашқы отырысы өтіп, бір палаталы «Құрылтайдың» функциясы мен құрамы, вице-президент лауазымының мемлекеттік биліктегі орны, заң шығару бастамасын көтеруге хақылы «Халық кеңесінің» құзыреті қандай болатыны айтылған еді.