Кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың жазасын өтеу тәртібі өзгерді

27.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ол орташа қауіпсіздігі орташа колониядан қоныс колониясына ауыстырылды.

– Алматы облысы Алатау қалалық сотының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысымен сотталған Әбдіғаппаров Алмас Алтайұлының орташа қауіпсіздік мекемесінен ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне ауыстыру туралы өтінішхаты қанағаттандырылды. Алматы облыстық соты апелляциялық сатысының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысымен бұл шешім өзгеріссіз қалдырылды, прокурордың жеке өтінішхаты қанағаттандырылған жоқ, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Еске салайық, кәсіпкер 2022 жылы шілдеде 1 млн долларды жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған. 

Сотталушының қылмыстық әрекеттерінен «AV-Construction» ЖШС-не 418 640 000 теңге көлемінде материалдық залал келген. Сот отырысында айыпталушы өзіне тағылған айып бойынша кінәсін мойындамаған.

Кейінірек Бас прокуратура Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты үкімнің күшін жоюды сұрады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью