Кәсіпкерлер автоматты түрде жалпыға бірдей режимге ауысады салықшылар ескертуі

13.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті осы айдың соңына дейін салық режимін таңдау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Бұған дейін арнайы салық режимдерін қолданып келген кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режиміне ауысу үшін 2026 жылдың 1 наурызына дейін салық режимі туралы хабарламаны ұсынуға міндетті.

"Ал оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін үшін хабарлама ұсынбаған салық төлеушілер жеке кәсіпкер ретінде салық органында есептен автоматты түрде шығарылады", - дейді салықшылар.

Ондай кәсіпкерлер жалпыға бірдей режимге ауыстырылады. Ал салық төлеу мерзімі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептеледі.

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режиміне ауысу туралы хабарламаны жіберу жолдары:

"Салық төлеушінің кабинеті" арқылы "Құжат жіберу" бөлімінде "Қолданылатын салық режимі туралы хабарлама" формасын электронды-цифрлық қолтаңбамен растау;

E-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы;

банктердің мобильді қосымшалары арқылы;

тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында өтінім жазу арқылы.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью