Кәсіпкерлер құқы қорғалды

30.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден 150-ден астам өтініш келіп түскен. Қорғалған бизнес құқығы шамамен 120 млн теңгені құрайды.

Сурет: freepik.com

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі мобиль­ді топтардың, рейдерлікке және заңсыз қылмыстық қудалауға қатысты өтініштерді қарайтын ведомствоаралық жұмыс тобына белсенді қатысады. 2025 жылы мобильді топқа 51 арыз келіп түскен. Нәтижесінде, 16 384 кәсіпкердің, 135 инвестордың құқығы қорғалды. 22 ұсыныс енгізіліп, 30 тұлға тәртіптік, 3-еуі әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Кәсіпкерлерге қолжетімді байланыс арналары мен өтініш беру тетіктері палатаның ресми интернет-ресурстарында орналас­тырылып, үнемі жаңартылып отырады. Бұл шаралар – бизнесті қорғайтын құралдар бар екенін жұртқа жеткізудің бір тетігі әрі кәсіпкердің өтініштеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік.

Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен де қарым-қатынас дұрыс жолға қойыл­ған. Бұған қоса, өңірлік кәсіп­керлер палатасы Әділет депар­та­менті, жеке сот орындаушылар­мен үшжақты меморандум жа­сас­қан. Соның аясында жеке сот орындаушыларының қызметіне қатысты кәсіпкерлердің пробле­ма­лық өтініштері жылдам ше­шімін тапты. Яғни олардың шот­та­рындағы негізсіз бұғаттаулар алынып, қаржылық-шаруашылық қызметі қалпына келтірілді. Биз­­несті қорғаудың маңызды құрал­дарының бірі – Кәсіп­кер­лердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес. Былтыр Кеңестің 10 оты­рысы өтіп, 15 проблемалық мәселе қаралды.

Өңірлік кеңестердің жұмысы кәсіпкер құқығын бұзған кінәлі лауазымды тұлғаларды жауап­кер­шілікке тартумен бағаланады. Осы ретте, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін салық органының және денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал Шымкент қаласы Сәулет және қала құрылысы басқар­ма­сының бас мамандарына «сөгіс» түрінде тәртіптік жаза белгіленді.

«Палата жергілікті атқарушы органдардан келіп түскен 98 нор­мативтік-құқықтық акт жоба­ла­рының 23-іне ескерту мен ұсыныс беріп, сараптамалық қоры­тын­дылар әзірледі. Бұл – кәсіп­кер­лерге сын-қатерлерді азайтуға, құқықты күшейтуге мүмкіндік беретін нор­малар», дейді Шымкент қала­лық кәсіпкерлер палатасы дирек­торының орынбасары Майя Исаева.

Маманның айтуынша, бизнес мүддесін қорғайтын заңдарды әзірлеу мен жүйелеу мақсатында қалалық Әділет департаменті жанынан мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіретін кеңес құрылған. Оның құрамында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы да бар.

Өңірде кәсіпкерлердің құқық­тық сауаттылығын арттыру мен құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар да қолға алынған. Соның шеңберінде өрт пен санитарлық қауіпсіздік, қоғам­дық тәртіп, авторлық құқық, сондай-ақ заңсыз тексеру мәсе­лелері бизнес өкілдеріне түсін­діріл­ді.

Қала әкімі өңір кәсіпкерлерімен жыл сайын кездесу өткізеді. Бұл билік пен бизнес арасында ашық диалог барын көрсетеді. Мұндай мазмұндағы жүздесу проблемаларды жедел шешуге, кәсіпкерлікті дамытуға, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға өте тиімді, дейді мамандар.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы бизнесті қорғау, мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы сенім­ді нығайту, қолайлы іскерлік орта қалыптастыру бағытындағы жұ­мыс­­тарын жалғастыра бермек.

Шымкент

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Жастар • Бүгін, 08:48

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Футбол • Бүгін, 08:45

Жақсылық жасау – жауапкершілік

Жастар • Бүгін, 08:43

Теңгенің тегеуріні

Теңге • Бүгін, 08:40

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Digital • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью