Кәсіпкерлер салық режімін таңдады

05.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Елдегі салық реформасының алғашқы нәтижесі көріне бастады. Мыңдаған азамат пен кәсіпкер жаңа режімдерді таңдап, қызметін заңдастыруға қадам жасады. Бұл еңбек нарығын ашық жүргізуге мүмкіндік беретін маңызды тетік саналады.

Фото: dalatimes.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төраға­лығымен Салық кодексін енгізу жөнін­дегі жобалық кеңсенің жетінші отырысы өтті. Жиында кәсіпкерлердің жаңа салық режімдерін таңдау барысы сараланды. Кәсіпкерлік субъек­тілеріне ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін қолайлы режімді айқындау міндеттелген еді.

Қаржы министрлігінің дерегіне қарағанда, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режімді 346 мың адам таңдаған. Оның 265 мыңы бұрын ресми тіркеусіз еңбек етіп келген азаматтар. Салық реформасы еңбек нарығын заңдастыруға, азаматтардың қызметін ашық жүргізуіне жағдай жасауға бағытталған. Жаңа тәртіп табысқа салық салынбауымен ерекшеленеді, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндеті де қарастырылмаған. Мұндай мүмкіндік бұрын бейресми еңбек еткен адамдарға заңды түрде жұмыс істеуге жол ашып отыр.

Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы режімді 1,2 млн кәсіпкер таңдаған. Бұл шағын бизнеске әкімшілік жүктемені азайтып, есеп-қисапты жеңілдетуге бағытталған қадам ретінде бағаланып отыр.

Жиында жалпыға ортақ пайдалы қазбалар­ға са­лынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы­ның (ПҚӨС) түсімдерін бөлу тәртібі де тал­қы­ланды. Биылғы 1 қаңтардан бастап Бюджет ко­дексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, жал­пы­ға ортақ пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшыққа қатысты төлемдер өндіру жү­зеге асқан өңірдің жергілікті бюджетіне түседі.

Қолданыстағы Салық кодексінде бұл төлемдер жер қойнауын пайдаланушы тіркел­ген жерге аударылатын еді. Екі кодекс­тегі нормаларды үйлестіру қажеттігі туындағандықтан, Салық кодексіне өзгеріс енгізу жөнінде шешім қабылданды. Өзгерістер күшіне енгенге дейін өткен жылдың төртінші тоқсанына қатысты түсімдер жер қойнауын пайда­ланушы тіркелген аймаққа, яғни респуб­ликалық бюджетке есептеледі. Ал биылдан бастап міндеттемелер өндіру жүргізілген өңірдің жергілікті қазынасына бағытталады.

Кеңес барысында табиғи монополиялар субъектілерінің нысаналы қаражатына корпоративтік табыс салығын салу мәселесі де көтерілді. Қолданыстағы заңнамаға сай тариф құрамына енгізілген пайда мен амортизация нысаналы сипатта болады. Бұл қаржы тек инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға, инфрақұрылымды салу, жаңғырту мен қайта құру жұмыстарына жұмсалады. Демек ол кәсіпорындардың еркін пайдаланатын табысы саналмайды.

Энергетика және коммуналдық секторды жаңғыртуға арналған ұлттық жоба шеңберінде 2025–2029 жылдары желілерді жаңартуға бағыт­талған ірі жобалар қолға алынған. Жаңа ны­сан­дар пайдалануға берілген кезде негізгі құ­рал­­дардың құны өсіп, амортизация көлемі ұл­ғая­­ды. Мұның салдары корпоративтік табыс са­лы­ғы есептелетін базаның артуына әкелуі мүмкін.

Кәсіпорындардың мұндай шығыны тариф құ­рамында қарастырылмаған әрі өтелмейді. Нә­ти­жесінде, қосымша қаржылық жүктеме туын­дап, жаңғырту жобаларын жүзеге асыру мүм­кіндігі шектелуі ықтимал. Осыған байла­ныс­ты ин­вестициялық бағдарламалар аясын­дағы ны­са­налы қаражатқа корпора­тивтік табыс са­лы­ғын салуға жол бермеу жөнінде ортақ тә­сіл қа­лып­тастыру мен тиісті түсін­дірме беру ұсы­ныл­ды. Бұл инфрақұ­рылымды жаңарту жұ­мыс­тарын тұрақты қаржыландыруға әрі ­тұ­тыну­шы­ларға түсетін салмақты арттыр­мауға бағытталған.

Жиында тау-кен металлургия саласы кәсіп­орынд­ары мен мемлекеттік мекемелерге қатыс­ты салық нормаларын қолдану мәселелері де қаралды.

Соңғы жаңалықтар

Тотықұс асырағанның ұпайы түгел

Кәсіпкер • Бүгін, 08:25

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Ертістің ен тоғайына түлкі оралды

Жануарлар • Бүгін, 08:15

Көгерген нан да қажетке жарайды

Таным • Бүгін, 08:10

«Алан туралы аңыз» көрерменге жол тартады

Кино • Бүгін, 08:05

Дәстүрлі аспаптар шеруі

Өнер • Бүгін, 08:00

«Ұзын» ақша, токенизация және бірыңғай нарық – KASE көзқарасы

Қаржы • Кеше

Ораз Жандосов: Либералданбаған нарықтар мен алтынды «айналау» инфляцияны кұшейтіп жібереді

Қаржы • Кеше

Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол жабылды

Ауа райы • Кеше

Түркия билігі Араб елдеріне әуе рейстерін тоқтатты

Әлем • Кеше

Ерлан Қарин Михаил Швыдкоймен кездесті

Саясат • Кеше

Таяу Шығыстағы қақтығыс: Шиеленіс аймақтарынан 946 отандасымыз шығарылды

Әлем • Кеше

Конституциялық реформа: Ел дамуының жаңа кезеңі

Ата заң • Кеше

Ақмола облысында газ баллондарын тексеру жұмыстары күшейді

Аймақтар • Кеше

Түркия өз әуесінде Ираннан ұшырылған зымыранды жойды

Әлем • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью