Кәсіпкерлер ұсынысы ескеріледі

25.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Сурет: azattyq-ruhy.kz

Науқанның алғашқы күнінде партия өкілдері жастармен жүздесіп, сай­лауалды платформасының негізгі басым­дықтарын таныстырды. Бағдар­ла­мада нарықтық экономиканы дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, Парламенттің рөлін күшейту, жемқорлықпен күрес, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, «Алаш» идеяларын дәріптеу және ұлттық мүддеге негізделген сыртқы саясат мәсе­лелері қамтылған.

Партия төрағасы, Құрылтай депутат­тығына кандидат Дания Еспаева халықтың сенімін ақтау үшін ең алдымен ашық диалог пен әділ саяси жүйе қажет екенін атап өтті.

Үгіт-насихат жұмысының келесі кезеңінде Алматыда кәсіпкерлер форумы ұйымдастырылып, оған 200-ден астам шағын, орта және ірі бизнес өкілдері, салалық қауымдастық жетекшілері мен сарапшылар қатысты.

Форум барысында салық заң­на­масын жетілдіру, әкімшілік қы­сым­ды азайту, кәсіпкерлердің құқық­та­рын қорғау, мемлекеттік қолдау тетік­терінің тиімділігін арттыру және отандық өндірісті дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Кәсіпкерлер кандидаттарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, «7R Logistics» ЖШС директоры Оксана Сорокина Қытаймен шекарадағы жүк тасымалы саласында қордаланған түйткілдерге тоқталды.

Партия өкілдерінің айтуынша, форум қорытындысында айтылған ұсыныстар заңнамалық бастамалар әзірлеу барысында ескерілмек. Іс-шара соңында «Ақ жол» демократиялық партиясы мен KIT бизнес қауымдастығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью