7kun.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді.Құжатқа сәйкес арнаулы салық режимдерінің саны жетіден үшке дейін қысқартылды.
Осыған байланысты кәсіпкерлер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық режимін таңдау туралы хабарлама беруі тиіс.
Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндірді.
Комитеттің Арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шыңбергентің айтуынша, жаңа Салық кодексі аясында үш арнаулы салық режимі ғана сақталған: оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі; өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі; шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі.
Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР Осы режимді қолдануды жоспарлап отырған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет.Белгіленген мерзімде хабарлама берілмесе, кәсіпкер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне ауыстырылады.
Хабарламаны: Салық төлеушінің кабинеті арқылы; E-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы; қағаз нұсқада салық органдары арқылы; банктердің мобильді қосымшалары арқылы (қазіргі уақытта Kaspi Bank қосымшасында қолжетімді) беруге болады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР 2026 жылғы 1 наурыздан бастап 2025 жылы патент негізіндегі АСР немесе арнайы мобильді қосымша арқылы АСР қолданған азаматтар жеке кәсіпкер ретінде автоматты түрде есептен шығарылады.