Кәсіпкерлерге Халық бухгалтері көмектеседі

06.01.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Жылдың алғашқы айынан жаңа Салық кодексі күшіне енді. Осыған байланысты Қаржы министрлігі кәсіпкерлерге салық есебін жүргізуге көмектесу үшін «Халық бухгалтері» акциясын іске қосты.

«Халық бухгалтерінің» мақсаты – жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне бухгалтерлік және салықтық есепті дайындау, оны тапсыру жөнінде консультациялық көмек көрсету. Бизнес өкілдері салық заңнамасына қатысты түсінбей жүрген сауалдарын маман­дарға қойып, тегін кеңес ала алады.

Кәсіп иелеріне кеңес беретін «Халық бухгалтері» құрамына тәжіри­белі бухгалтерлер, кәсіби аудиторлар, белгілі бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері, аумақ­тық мемлекеттік кірістер ор­гандарының мамандары еніп отыр. Қаржы министрлігі тарат­қан хабарламада мамандар әртүрлі ресми ресурстар мен әлеуметтік же­лі­лер арқылы кеңес береді деп көрсетілген. Соның ішінде осы акцияға арналған арнайы Telegram арнасы іске қосылыпты.

«Халық бухгалтері» акциясы аясында онлайн-консультациялар, вебинарлар, есепті кезеңдердегі тақырыптық консультациялық сессиялар өткізіледі. Кәсіпкер­лермен бетпе-бет кездесулер ұйымдастырылып, оларды тол­ғандырған сұрақтарға жауап беріледі, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Негізгі формат – қалалар мен облыс орталықтарындағы мемлекеттік кірістер басқармалары базасында офлайн қабылдау.

Министрлік өкілдерінің сөзінше, кеңес беру 2026 жылғы қаңтар-ақпанда аптасына 3 рет, нау­рыздан бастап 2 рет өтеді.

Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында консультациялар өткізу үшін жеке орындарды белгілеу жоспарланып отыр. Ал өңірлерде аудандық деңгейде, қажет болған жағдайда мамандар өздері барып, кеңес береді. Қабылдау кезінде қалалық, аудандық бас­қармалар арасында бейнебайланыс пен телефон арқылы кеңес беру мүмкіндігі де қарастырылған. «Халық бухгалтері» акциясы ке­зінде Қаржы министрлігіне қарасты Call-орталықтар да қызу жұмыс істеп, арнайы материалдар базасын жаңартады, SalykBot Telegram-арнасы ақпаратпен толықтырылады.

«Алғаш рет өткізіліп отырған бұл акция салық төлеушілермен жұмыс істейтін мекемелердің ақпараттық жүйелерін жетіл­діріп, ондағы мәліметтерді жұрт­шылыққа қолжетімді етуді көз­дейді. Алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алуға және консультациялық қолдаудың сапасын арттыруға бағытталған басқа да қосымша іс-шараларды қолға алуды жоспарлап отырмыз», дейді ведомство өкілдері.

Акция 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. 

Соңғы жаңалықтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:30

Стоматология жұмысын жүйелеген

Жоба • Бүгін, 08:25

Жұртшылықпен орайлы кездесу бастады

Саясат • Бүгін, 08:22

Есеп. Естелік. Ереже

Ғылым • Бүгін, 08:20

Тың бағдарлама іске қосылды

Digital • Бүгін, 08:18

Ғалымын қолдаған ел озады

Ғылым • Бүгін, 08:15

Жеңімпаз стартап жобалар

Digital • Бүгін, 08:12

Тектінің тұяғы

Руханият • Бүгін, 08:10

Бакуден басталған үн

Тарих • Бүгін, 08:07

Тұрақты өркендеудің үлгісіне айналған өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Математиктің рухани беделі

Қоғам • Бүгін, 08:03

Театрдағы тапқырлық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жансебіл жазушы

Руханият • Бүгін, 07:55

Картинадағы тағдыр

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Ең қымбат жарнама

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью