Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының допингке қатысты ісі одан әрі күрделене түсті.
Спортшы тапсырған "В" сынамасынан да тыйым салынған зат анықталған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл ақпаратты Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы президенті Рахымжан Ерденбеков ресми түрде растады.
Оның айтуынша, АҚШ-тағы VADA ұйымынан 34 беттен тұратын толық сараптама қорытындысы келген.
Құжатта екінші сынаманың да оң нәтиже көрсеткені нақты жазылған.
Бұған дейін федерация басшылығы Жәнібек Әлімханұлының ісі қайта қаралатынын мәлімдеген еді.
Алайда "В" сынамасының нәтижесі күмәнді сейілтпей, керісінше, жағдайды одан сайын шиеленістіріп отыр.