Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Әлеуметтік желіде Kaspi bank-тің Kaspi Gold картасы мен Kaspi Pay шоттары бойынша жылдық қызмет көрсету тарифтерінің бағасы көтерілетіні туралы ақпарат тарады, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Kaspi.kz
Жарияланымдағы мәлімет бойынша, 2026 жылдың 31 наурызынан бастап Kaspi Gold картасының жылдық қызмет көрсету құны – 10 000 теңге, картаны қайта шығару 10 000 теңге көлемінде ақылы қызметке айналады, өзге банктердің карталарына жасалған аударымдар үшін 5% (кемінде 200 теңге) комиссия ұсталады, ал қолма-қол ақша шешіп алу комиссиясы 5%-ға дейін өсетіні жазылған.
Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Сонымен қатар Kaspi Pay шоттарын ашу және ай сайын қызмет көрсету ақысы 15 000 теңге болып, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін 300 000 теңгеден асатын операцияларға қосымша 5% көлемінде комиссия енгізілетіні хабарланған.
Десе де компания өкілдері тараған ақпараттың шындыққа сай келмейтінін, жаңа тарифтер енгізілмейтінін мәлімдеді.
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
«Клиенттер мен серіктестеріміз үшін тарифтер мен қызмет көрсету шарттары өзгеріссіз қалады. Интернетте Kaspi.kz тарифтері мен Kaspi Gold картасының жылдық қызмет көрсетуі мен қайта шығарылу құны, Kaspi Pay шарттары және өзге банктердің карталарына аударым комиссиясы өзгереді деген ақпарат тарады. Бұған жаңартылған заңдық құжаттың қате түсіндіріліуі себеп болды. Қандай да бір өзгерістер болып жатса, біз бұл туралы әрдайым алдын ала әрі ашық түрде хабарлаймыз», делінген компания мәлімдемесінде.
Kaspi.kz өкілдері тарифтер мен қызмет көрсету ережелеріндегі барлық өзгеріс тек банктің ресми сайтында және қосымшасында жарияланатынын ескертіп отыр.
Соңғы жаңалықтар
Kaspi Gold картасының жылдық қызмет көрсету ақысы қымбаттай ма?
Банк • Бүгін, 12:55
Технология күзетте: Орал полицейлері цифрлы жүйенің көмегімен күдіктіні ұстады
Қоғам • Бүгін, 12:35
Азия чемпионатында Қазақстан велошабандозы алтын медаль иеленді
Спорт • Бүгін, 12:23
Полиция қызметкері үш айлық нәрестесі бар отбасыны өз үйінде паналатты
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Жетісу облысында биыл үш бірдей жаңа экопарк құрылады
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Газ құю стансаларында қауіпсіздік талаптары күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 11:45
Тау-кен металлургия кешені Конституцияны жаңартуды қолдайды
Қоғам • Бүгін, 11:31
Заңсыз казино ұйымдастырушылардан 420 млн теңгенің мүлкі тәркіленді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:27
Канада мектебінде болған атыстан 9 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 11:17
Астанада екінші ауысымның оқушылары да қашықтан оқитын болды
Білім • Бүгін, 11:01
900 орын және STEAM-зертхана: Рудный қаласында жаңа қазақ мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 10:52
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 10:42
Чесноков «Хартс» сапында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шықты
Футбол • Бүгін, 10:38
Қараңғыда көрсетілетін картиналар: Қарағандыда ерекше көрме ашылады
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Ақтөбе облысында жолда қалып қойған 400 жолаушы пойызбен тегін жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:27