Каспий теңізінде 4,0 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

10.11.2025

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгін түнде Каспий теңізінде жер сілкінісі болды. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады.

Жерасты дүмпулері Атырау уақытымен 03:13-те тіркелген. Сілкініс қуаты — 4,0 магнитуда.

Эпицентрдің координаттары: 40.46° N, 51.77° E, ал гипоцентрдің тереңдігі — 72 км.

Қазіргі таңда зардаптар туралы ақпарат жоқ. Мамандар сейсмикалық белсенділікті бақылауды жалғастыруда.

Бүгін, 13:41

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью