Каспий теңізінде үрлемелі қайықтағы үш адамды ағыс алып кетті

29.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Маңғыстау облысында құтқарушылар ашық теңізге ағып кеткен үш адамды тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өткен түні Каспий теңізінің Түпқараған ауданы жағалауында қатты жел салдарынан ішінде үш адамы бар үрлемелі қайық ашық теңізге шығып кеткен, деп хабарлады ТЖМ.

"Іздеу жұмыстарына ТЖМ күштері дереу аттанды. Құтқарушылар жоғалғандарды тауып, жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет емес", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

ТЖМ жел күшейген кезде теңізге шығуға болмайтынын еске салды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью